"Балмұздақ алып беремін": Батыс Қазақстанда 6 жасар қызды зорлау ісі сотқа жолданды

Батыс Қазақстан облысында 6 жасар қыз баланы зорлау ісі сотқа жіберілді. Күдікті – бұрын сотталған 32 жастағы ер адам. Тергеу толық аяқталып, іс мамандандырылған соттың қарауына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға тамыз айында Тасқала ауылында болған. Баланың отбасы отбасылық мерекені атап өтіп жатқан кезде қонақтардың бірі – бұрын сотталған 32 жастағы ер адам ата-анасынан қызды дүкенге апарып, балмұздақ пен тәтті алып беруге рұқсат сұраған.

Ата-анасы оның бұл әрекетінен қауіп күтпей, келісім берген. Алайда, қыз кешке дейін үйге оралмаған соң, туыстары дабыл қағып, полиция мен ауыл тұрғындары баланы іздеуге шыққан.

Іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылып, баланы келесі күні тапқан. Әртүрлі дерек көздеріне сәйкес, қыз орманды аймақтан, сол ер адаммен бірге болған жерден табылған. Күдікті сол сәтте мас күйде ұйықтап жатқан.

Кейін облыстық прокуратураның алқасында баланың зорланғаны ресми түрде расталды. Тергеу барысында күдіктінің бірнеше жыл бұрын ұрлық үшін сотталғаны, жақында ғана түрмеден босап шыққаны анықталды.

Полиция департаменті қазір істің тергеуі аяқталғанын, іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданғанын мәлімдеді.

Еске салсақ,  бұған дейін Батыс Қазақстан облысының бір ауылында 6 жасар қызды зорлаған 32 жастағы ер адам ұсталғаны туралы хабарлағана болатынбыз.

Сондай-ақ, Атырау облысында 7 жасар қызды зорлап, өзенге батырып өлтірген ер адамға үкім шыққанын да жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы