10 Қараша 2026, 11:27 Фото: polisia.kz

Баласының дүниеге келуін отшашумен атап өткен астаналық бес тәулікке қамалды

Түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзған. Мерекені ерекше атап өтпек болған 35 жастағы ер адамға сот қандай жаза тағайындады?

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін, оның ішінде түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Елордада 35 жастағы ер адам баласының дүниеге келуін атап өту мақсатында үйлердің арасындағы аумақта отшашу ұйымдастырған. Мерекелік шара барысында пиротехникалық бұйымдардан шыққан қатты дыбыстар тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Аталған азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу фактілері бойынша заң аясында шара қабылданды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Тағы оқи отырыңыз: «Жоғары табысқа кенелесіз»: Ақтөбеде ерлі-зайыпты 8 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды 

15 метр тереңдікке дейін қазған: Абай облысында заңсыз алтын өндірушілер ұсталды