Кеше 2026, 20:09 Фото: видеодан скриншот

Баланың коляскасына дәрет сындырған курьерге қатысты жаңа дерек шықты

Компания тергеу аясында құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді

«Glovo» жеткізу қызметі балалар арбасына дәрет сындырған ер адамның өткен жылдың 25 қыркүйегінен бері компанияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Курьер бұл оқиға болмай тұрып-ақ тапсырыстарды орындаудан шеттетілген болып шықты. 

Біз орын алған жағдайға байланысты шын жүректен алаңдаушылық білдіреміз және мұндай әрекеттер компания құндылықтарына мүлдем қайшы келетінін баса айтамыз, - деп хабарлады Glovo өкілдері.

Әзірге ер адамда неліктен компанияның логотипі бар фирмалық сөмке болғаны белгісіз. 

Компания тергеу аясында құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Полиция өзге біреудің мүлкін бүлдірген курьердің ұсталған-ұсталмағаны туралы әлі хабарламады. Дегенмен, оның жеке басы анықталған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда курьер баланың коляскасына дәрет сындырған видео тарады.