Балаларға қандай маска таққан дұрыс. Дәрігер кеңесі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева онлайн брифингте балаларды вирустан сақтау үшін қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігін айтты.

Брифинг барысында дәрігер 5 жасқа дейінгі баланы көпшілік жерге апарғанда қандай маска түрін таққан дұрыс деген сауалға жауап берді.

Егер бес жасқа дейінгі баланы адамдар көп жиналған жерге апаратын жағдай болса, оларға медициналық маска тағуды ұсынамыз. Дегенмен оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Дүкенді жаулап алған матадан жасалған масканы тағуға не үшін кеңес бермейміз дегенге келсек, оларды бірнеше рет қолданады. Олар көпреттік болып саналады, ұзақ уақытқа таққандықтан олар дымқылданады және оған микрофлора жиналады. Соның салдарынан басқа да бактериялық инфекциямен ауырып қалуы мүмкін. Сол үшін балаға бірреттік медициналық маска тағуға кеңес береміз, - деді Айнұр Уәлиева.

Сонымен қатар ол соңғы кездері қолданылып жүрген дәкеден жасалған маскаларға қатысты ойын айтты.

Бұл маскамен демалған расымен жеңіл. Дегенмен ол да ылғалданады және вирустан қорғамайды, - деді дәрігер.

Айта кетсек, бұған дейін Айнұр Уәлиева Наурыз мерекесінен кейін Алматыда балалар арасында вирус жұқтыру жағдайы күрт артқанын айтқан еді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы