Аймағамбетов: Оқушылардың қауіпсіздігі - ең маңызды мәселе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясының пленарлық сессиясында хабарлады. Оның айтуынша, барлық өңірлерде мектептер бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.
Алайда оның ішінде тек қана 55%-ы стандарт талаптарына сәйкес келеді. Яғни 3 706 мектепте бейнебақылау камералары дұрыс жұмыс істеп тұр деген сөз.
Мектептердің 99,8%-ы жылы әжетханалармен қамтамасыз етілген. Осы жылдың соңына дейін біз өзіміз келіскендей барлық өңір осы көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізуі қажет. Бұл бойынша үлкен жұмыс істелді. Жалпы 1-1,5 жылдың ішінде 2,5 мың жылы дәретханалармен толығымен қамтылатын болады, - деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін мектептердің 98%-ы, атап айтқанда, 7 109 мектеп жылы дәретханалармен қамтылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жаңа оқу жылында мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіліп, педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жүйесі өзгеретінін айтқан еді. Сондай-ақ, «Алтын белгі» үміткерлері үшін талаптар күшейтіледі. Мектеп директорларының жалақасы педагогтердікінен аз болатын жағдайлар да бар көрінеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы