Балаларда кездесетін аутизм жайлы не білеміз?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматылық дәрігерлер балалардағы аутизмнің белгілері мен себептері туралы айтты.
Аутизм – бұл әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынаста айқын және кең таралған кемшіліктермен, сондай-ақ шектеулі қызығушылықтармен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ми дамуының бұзылуы. Бұл туралы Алматы қаласы №5 Қалалық клиникалық аурухананың балалар аурулары бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Хадиша Сұлтанқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, аутизм белгілері үш жасқа дейін пайда болады. Жеңілірек белгілер мен симптомдар байқалатын ұқсас жағдайлар аутизм спектрінің бұзылыстарына жатады.
Ерте жастағы балалардың аутизмі халықтың 2-4 жағдайда кездеседі, ал аутизмнің ақыл-ой кемістігімен үйлесуі – адамдар арасында 20-ға дейін. Ұлдарда 3-4:1 қатынасында басым, - деді Сұлтанқұлова.
Сондай-ақ ол аутизмнің себептерін атады: қалдық-органикалық фактордың әсері, яғни жүктілік, босану, бас-ми жарақаттары мен инфекциялардың патологиясының салдары; мидың туа біткен дисфункциясы; ақпаратты өңдеуге қажетті жүйке құрылымдарының дамымауы.
Аутизм келесі түрлерге бөлінеді: бала кездегі дезинтеграциялық бұзылу; ақыл-ойдың тежелуімен және стереотиптік қозғалыстармен біріктірілген гиперактивті бұзылыс; Аспергер синдромы; жалпы дамудың анықталмаған бұзылуы.
Аутизмді анықтау үшін үш белгі қажет: әлеуметтік өзара әрекеттестіктің болмауы; бұзылған өзара байланыс; шектелген қызығушылықтар және қайталанатын мінез-құлық дағдылары.
Х.Сұлтанқұлова нәрестеде жайсыздық реакциясы белгілері байқалса оған назар аудару қажеттігін айтады.
Жай есту тітіркендіргіштеріне және қоршаған ортаның сәл өзгерістеріне бола шамадан тыс үрейлену мен жылау реакциялары, ересектермен қарым-қатынасқа аффективті дайындығы, сөйлеудің кеш басталуы, әдеттен тыс қимылдар, қарым-қатынас әрекеттеріне нашар жауап беру, сөздік қордың жасына сай болмауы, нашар болуы, сөйлеген кезде дауыссыз дыбыстардың аз болуы. Мұндай балалар құрбыларына қарағанда сөздерді біріктіріп, ым-ишарамен сүйемелдейді, сирек өтініш жасап, өз тәжірибесімен бөліседі, құрбыларымен ойнауға аса қызығушылық танытпайды, жалғыз ойнағанды қалайды,-дейді ол.
Сонымен қатар ол аутизммен ауыратын балалардың вербалды және вербалды емес қарым-қатынасының бұзылуына тоқталды. Біріншіден, бұл әлеуметтік өзара әрекеттесуді орнатуға қызмет ететін көз контактісін, бет әлпетін, позаларды, ым-ишараларды елеулі бұзу. Мысалы, бала қол тигізуден қашады, қолға көтергенде немесе құшақтағанда қатып қалады, серіктесіне қарамайды, адамдармен араласқанда күлмейді, ата-аналармен және қонақтармен амандаспайды, әлеуметтік қарым-қатынас жағдайларында бір нүктеге қарайды.
Дәрігер сөз арасында аутизммен ауыратын балалардың болашағы туралы айтты. Ол бірте-бірте баланың кейде ата-анасымен және туыстарымен айтарлықтай терең және берік байланыстары пайда болуы мүмкін деп санайды. Олардың әлеуметтік бейімделуін жақсарту, сөйлеу тілін жақсы қабылдауы мүмкін, бірақ қарым-қатынаста өзара түсіністіктіктің болмауы сақталады, -дейді ол.
Дәрігер виртуалды аутизмнің алдын алу үшін тамақтану кезінде балаға гаджет бермеуге, баламен көп сөйлесуге, оған бәрін түсіндіріп отыруға, үнемі атын атап шақыруға кеңес береді. Бүлдіршіндерге түсініксіз мультфильм кейіпкерлерінің орнына өзімен бірге болып, шынайы қарым-қатынасты орнатқан жөн.
Туа біткен аутизмнің алдын алуға келетін болсақ, спикер әйел жүктілікті жоспарламас бұрын және жүктілік кезінде гинекологпен кеңесу керек. Егер әйел жүктілікке дейін және жүктілік кезінде фолий қышқылын қабылдаса, онда балада аутизмнің даму ықтималдығы төрт есе азаяды,-деді дәрігер.