Бүгiн 2026, 16:22 Фото: gov.kz

Балалар тағамындағы «у»: Комитет Қазақстан дүкендерінде тексеру жүргізді

Балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылғаны туралы ақпаратты тексерді.

Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-тағы жарияланымдарға байланысты Комитет тексеру жүргізді. Аталған бұзушылық туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдарынан Азық-түлік пен жем-шөптің сапасы бойынша жедел хабарлау жүйесі (RASFF), сондай-ақ ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы келіп түскен жоқ. Аталған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің Бірыңғай тізілімінде тіркелмеген. Осыған байланысты оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді, - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бапасөз қызметі. 

Комитет тарапынан өнімнің ықтимал сатылуын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аталған өнім елдің сауда орындарында анықталған жоқ. Өнім сатылымда анықталған жағдайда азаматтардан жедел шаралар қабылдау үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуды сұраймыз, - деді комитеттен. 

Еске салайық, бұған дейін тәуелсіз сарапшы Асқар Есқайыр дүкенде өріп тұрған қытайлық снектер қаншалықты зиян екенін айтқан болатын. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Астанадағы сауда дүкеніндегі шикі ет үстіндегі торғайлар жұртты шошытты

Дүкеннен қымбат күртешені "киіп шыққан" азамат жауапқа тартылды

Астанада ер адам дүкендегі шоколадтарды шалбарына тығып әкетпек болды