Балалар мен жасөспірімдердің құқықтары жіті қадағаланады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың идеясына сәйкес «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» жанынан «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобалық кеңсесі құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жоба пилоттық режимде Талдықорған қаласында жүзеге асырылып жатыр.

Жетісу облысы оқушыларының тұлғалық дамуын менторлық сүйемелдеу, балалар мен ересектердің желілік әлеуметтенуі, кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қайшы мінез-құлықтың барлық түрінің алдын алу арқылы бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру.

Жоба бағыттары:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері;
  2. Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу;
  3. Суицидтің алдын алу;
  4. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
  5. Зорлық-зомбылықтың алдын алу және жыныстық қол сұғылмаушылықты қалыптастыру;
  6. Салауатты өмір салты;
  7. Мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау;
  8. Креативті ойлау;
  9. Қаржылық сауаттылық.

Жобаның негізгі міндеттері:

  • Білім беру үрдісінде этикалық тәрбие, заң үстемдігі қағидаттарын іске асыруға ықпал ету;
  • Кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қарсы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Қазақстан халқының ұлттық-мәдени құндылықтарын басшылыққа алып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету;
  • Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын салауатты өмір салтына ынталандыру;
  • Білім беру үрдісін сырттай бағалау;
  • Ақпараттық желілік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету (әлеуметтік желілер, кәсіби қарым-қатынас, педагог-ата-ана коммуникациясы, оқушы-оқушы коммуникациясы);
  • Білім алушылар арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, қауіпсіз орта құру;
  • Девиантты мінез-құлқы бар балалармен жеке жұмыс.

Жобаның күтілетін нәтижелері:

  • Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
  • Жас балалардың дарындылығын ашу және олардың жеке дамуы;
  • Мектеп Парламентін құру және өзін-өзі басқару институттарын дамыту;
  • Жастарды қоғамдық-саяси және мемлекеттік бағдарламаларға белсенді тарту;
  • Мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру;
  • «Тең-тең» қағидаты бойынша жұмыс жүргізу;
  • «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасын республикалық деңгейде ұлғайту.

Биыл  27-ші маусымынан 4-ші тамызына дейін менторларды тарту мақсатында біліктілік талаптарын ескере отырып, үміткерлерді іріктеудің 4 легі жүргізілді. 200-ден астам үміткер арасынан, 30 ментор іріктеліп, Талдықорған қаласы мектептері бойынша бекітілді.

Жоба аясында менторлар Талдықорған қаласы орта оқу орындарының 1-11 сынып оқушыларымен жоба бағыттары бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Жоба бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары және жол картасы құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы