Балалар бояу кітапшасы шықты

Жаңа адамдардар жаңа Қазақстанның құндылықтары туралы балалар бояу  кітапшасын шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемді тану және тұлғаның қалыптасуы сәбилік кезден  басталады. Балалық шақта бойымызға  өмір бойы ұстаным болып, басшылыққа алатын қасиеттер мен қағидалар қалыптасады. Елімізде өмірге келетін сәбилердің саны өсуде, бұл өте жақсы құбылыс. Жаңа, әділ Қазақстанның құрылуы туралы сөз еткенде, біз мұның кімдерге арналғанын және олар еліміздің Жаңа Адамдары екенін түсінуіміз керек. Әрине, бұл - қазіргі балалар. Біз балаларымызға Жаңа Қазақстан туралы неғұрлым тезірек түсіндіріп және де оларға креативтілік, еңбекқорлық, дербестік, ұқыптылық, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді тез ұғындырсақ, соғұрлым Жаңа Қазақстан тезірек қалыптасатын болады.

Дәл осындай ұғым біздің "Қазақстанды бірге салайық" жобамыздың негізінде жатыр. Бұл бояу кітапшалар балаларға пайдалы және сапалы ойын түрінде үйретуге арналған. Біз ең жақсы қасиеттерді таңдап, оларды басты кейіпкерлер – Арман  мен Диананың көмегімен бояуымыздың балалар суреттерінде суреттедік. 18  суретті парақтар - бұл жаңа Қазақстанның болашақ құрылысшылары ғана бояй алатын  18 көрініс. 

«Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесері 2023 жылғы 28 қаңтарда «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Бояудың алғашқы иелері мен көрермендері "Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы" КММ-нің 4-12 жас аралығындағы балалары, сондай-ақ тұсаукесер  рәсіміне қатысты.

Президент Тоқаев айтқандай "Біздің дана  халқымызда "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген мақал бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие саласы басымдықта болуы керек". Біз жай ғана балаларға арналған бояу кітапшасын дайындаған жоқпыз. Ондағы әрбір сурет балалардың нағыз қазақстандық болып өсуіне көмектесетін адами қасиеттер мен құндылықтардың бірін сипаттайды. Балалар суреттерін бояп отырып, осы қасиеттерді өздері үшін сынап көреді және жақсарады. Сонымен қатар, бұл ата – аналар үшін балаларымен маңызды нәрсе-еліміздің болашағы туралы сөйлесуге себеп бола алады, - деді «Жаңа Адамдар” белсендісі Ахметов Мирас.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы