3 Қыркүйек 2026, 14:09 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Балалар әкесінен айырылып, 25 млн теңгені жоғалтқан: Өтемақы сот арқылы қайтарылды

Ақтөбеде әкесінен айырылған балалардың 25 млн теңге өтемақысын әжесі жұмсап жіберген.

2021 жылы Ақтөбеде үш бала әкесінен айырылды. Ер адам өндірісте жарақат алып қайтыс болған. Ал жұмыс беруші отбасына зиянды өтеу ретінде 25 млн теңге төледі. Алайда мүгедектігі бар ана мен кәмелетке толмаған балаларға арналған  қаражат оларға жетпеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура мәліметінше, барлық соманы балалардың әжесі алған. 25 млн теңгені ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Нәтижесінде асыраушысынан айырылған отбасы ана мен үш балаға қалуы тиіс өтемақыдан да қағылған.

Бірнеше жыл өткен соң бұл жағдайға Ақтөбе прокуратурасы араласты. Қадағалау органы отбасының мүліктік құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгініп, барлық соманы қайтаруды талап етті.

2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап арызды қанағаттандырды. Балалардың әжесінен 25 млн теңге өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енді. Өтемақы 2021 жылы әкесінен айырылған мүгедектігі бар ана мен үш кәмелетке толмаған балаға қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін операциядан кейін ішінде марлі қалып қойған қызылордалық науқас өтемақы өндіріп алды

Тағы оқи отырыңыз:

Атырау облысында сақтандырусыз жұмыс істеген 520 медқызметкер анықталды

Дәрігерлерге демалыссыз жұмыс істеткен лауазымды тұлғалар жазаланды

Жамбыл облысында ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге айыппұл салынды