Балабақшадан «кезексіз орын» уәде еткен астаналық әйел 4 жылға сотталды
Астанада балабақшадан орын алып беремін деп 9 адамды алдаған тұрғын жауапқа тартылды.
Астана тұрғыны алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Не болды?
Қала тұрғыны 8 ай бойы 2ГИС қосымшасы арқылы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеп тапты.
Олармен байланысып, ол өз қызметтерін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеде орын алуға көмектесетініне сендірді.
Оның уәделеріне сенген 9 тұрғын оған 590 мың теңге сомасында ақшалай қаражат аударды. Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратура сақ болуға шақырды
Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүгінуге шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін полиция «дауыс берші» деген өтініш айтып, WhatsApp арқылы қауіпті хабарлама жіберетіндерден сақ болуды ескертті.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада Оңтүстік Кореядан жұмыс уәде еткен алаяқ әйел ұсталды
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
Балаларды Испанияға апарамыз деп ата-аналардан 24 млн теңге алған жаттықтырушы сотталды