Бүгiн 2026, 16:40 Фото: видеодан кадр

Бахрейнде жарылыс болды

Бахрейнде дабыл сиреналары қосылып, бірнеше жарылыс дауысы естілген.

Бахрейнде дабыл сиреналары қосылып, бірнеше жарылыс дауысы естілді

Бахрейнде дабыл сиреналары іске қосылды, билік тұрғындарға негізгі жолдарды тек аса қажет жағдайда ғана пайдалануды ұсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Al Arabiya телеарнасы бірнеше жарылыстың дыбысы естілгенін айтып, ақпарат таратты.

Дабыл сиреналары қосылды... Азаматтар мен ел тұрғындарына негізгі жолдарды тек қажеттілік туындаған жағдайда ғана пайдалануды ұсынамыз, - деп мәлімдеді Бахрейннің Ішкі істер министрлігі. 

Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеген болатын.