B2B Jewelry қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары тергеліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда зергерлік дүкеннің атын жамылған B2B Jewelry қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, деп хабарлайды 24.kz.
Пирамиданы ұйымдастырушылар халыққа қымбат бағамен зергерлік бұйымдарды сатып, жыл соңында 104% кэшбэк түрінде ақшаны қайтарып алатынын айтқан. Сондай-ақ олар арнайы сертификаттарды сатқан. Осы сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520% табыс табуға болатынын айтқан.
Қазір күдікті қамауда отыр. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тінту кезінде қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 миллион теңге, 303 мың доллар және 3,5 мың еуро тәркіледі. Жалпы осы қаржы пирамидасына Қазақстан аумағында 10 мыңнан астам адам ақша салған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде коронавирустан 179 адам емделіп шықты
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы