Азия ойындары: 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның қоржынында 58 медаль бар
Қазақстан құрамасы Азиада-2026-да 58 медаль жеңіп алды. Оның 9-ы – алтын, 16-сы – күміс, 33-сі – қола. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстан құрамасы Айчи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы жарыстарын жалғастырып жатыр. 1 қазан таңертеңгі жағдай бойынша ұлттық құраманың қоржынында 58 медаль – 9 алтын, 16 күміс және 33 қола бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Азиаданы сәтті бастады. Жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама бірден алты медаль жеңіп алды. Оның төртеуі – алтын. Велоспортшылар Ринат Сұлтанова мен Алексей Луценко, сондай-ақ каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.
22 қыркүйекте Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі алтын түсті. Азиада чемпионы атанған Еркінғали Бүркіталы мен Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жек өнерінен ел қоржынына жүлде салды.
23 қыркүйекте велошабандоз Алексей Луценко топтық жарыста жеңіске жетіп, тағы бір алтын медаль иеленді. Бұл спортшының қазіргі Азиададағы екінші алтыны әрі жазғы Азия ойындарындағы мансабындағы алтыншы чемпиондық жүлдесі болды.
Қазақстанға сегізінші алтынды академиялық ескек есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин әкелді. Осы кезде ұлттық құраманың қоржынында ең жоғары жеті алтын жүлде болды.
Қазақстан құрамасы семсерлесуден ерлер арасындағы командалық жарыста тоғызыншы алтын медалін жеңіп алды.
25 қыркүйекте, жарыстың алтыншы күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылардың еншісінде 30 медаль – 8 алтын, 8 күміс және 14 қола болды. Сол күні ел спортшылары бес қола медаль жеңіп алды.
Одан кейін де Қазақстан құрамасының жүлде қоржыны толыға түсті. 29 қыркүйектегі жарыстар аяқталған соң Қазақстанның еншісінде 48 медаль – 9 алтын, 14 күміс және 25 қола болды. Сол күні жеңіл атлетикадан Кристина Овчинникова күміс медаль иеленсе, Арайлым Шегенова кураштан, ал ерлер құрамасы стенд атудан қола жүлдеге қол жеткізді.
30 қыркүйек Қазақстан құрамасы үшін нәтижелі күн болды. Бір күнде қазақстандық спортшылар сегіз медаль – екі күміс және алты қола жеңіп алды. Күміс жүлдені дзюдошылар Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов иеленді.
Осылайша, 30 қыркүйектегі жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 56 медаль – 9 алтын, 16 күміс және 31 қола болды.
1 қазан таңертең ұлттық құраманың қоржынына теннисші Юлия Путинцева мен ескекші Екатерина Таранцева тағы екі қола медаль қосты. Қазақстандық тенинисші жекелей сында жартылай финалға дейін жетіп, Қытай өкілі Чжан Шуайға 4:6, 2:6 есебімен жол берді. Осылайша, Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал слаломда есу спорты бойынша Екатерина Таранцева 112.23 ұпаймен 3-орынға тұрақтады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 58 медаль: 9 алтын, 16 күміс және 33 қола бар. Медальдар саны бойынша еліміз жалпы есепте 9-орында тұр, ал алғашқы үштікте Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея елдері бар.
Азия ойындары жалғасып жатыр. 1 қазанда қазақстандық спортшылар дзюдо, күрес, джиу-джитсу, теннис, велотректегі жарыстар, ескек есу слаломы, таэквондо және басқа да спорт түрлерінен сынға түседі.
Бұған дейін Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері және Абиба Әбужақынова Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы бір маусымда өзінің «Үлкен дулығасын» жинап, ел атын әлемдік шпагамен семсерлесу тарихына енгізді.