Азиада: Қазақстанның ерлер командасы оқ атудан күміс медаль жеңіп алды

Бұл оқ ату бойынша жарыстарда Қазақстан құрамасының үшінші жүлдесі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрамында Ыбраев Бақтияр, Худяков Андрей мен Нәзірқұлов Асадбек бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстан командасы 1111 балл жинады.

Бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген мергендер (1116), үшінші орынды Индонезиядан келген спортшылар (1098) иеленді.

Бұл оқ ату бойынша жарыстарда Қазақстан құрамасының үшінші жүлдесі.

Осыған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қоланы жеңіп алған.

Тағы бір қола жүлдені Ислам Сәтпаев / Александра Ле жұбы жеңіп алды.

Олар 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында өнер көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы