Ажар Ғиният: Келесі жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы тағы да өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, былтырдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысы біршама өсті. 

Мемлекет басшысы жалпы халықтың, оның ішінде медицина қызметкерлерінің әл-ауқатына көп көңіл бөледі. Осыған байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті. 2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орташа есеппен – 30%-ға, яғни 416 мың теңгеге,  орта медицина персоналының жалақысы - 20%-ға, 208 мың теңгеге  өсті, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар келесі жылы еңбекақы тағы да көтерілетінін алға тартты. 

2023 жылы дәрігерлер жалақысы орташа есеппен – 30%-ға, яғни 531 мың теңгеге, орта медицина персоналының жалақысы -20%-ға, яғни 249 мың теңгеге өседі, - деп атап өтті министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елде стелс-омикрон шатымының таралуына байланысты карантин енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берген болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы