6 Қазан 2026, 18:12 Фото: ru.apa.az

Әзербайжан СІМ Қара теңіздегі кемеге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Румыния жағалауында кемеге дрон шабуылынан капитан қаза тауып, Әзербайжан азаматы хабарсыз кетті. СІМ азаматтарға маңызды ескерту жасады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі азаматтарды Қара теңіздегі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарға барудан және ол жерде жұмыс істеуден бас тартуға шақырды. Ведомство тиісті мәлімдемені ресми сайтында жариялады.

Әзербайжан азаматтарын әскери іс-қимылдар жүріп жатқан және қауіпсіздік жағдайы тұрақсыз өңірлерге барудан, аталған аумақтарда еңбек қызметін жүзеге асырудан, сондай-ақ қауіпті бағыттар бойынша көлік құралдарымен, әсіресе кемелермен жүруден бас тартуға шақырамыз, – делінген мәлімдемеде.

Әзербайжан СІМ 5 қазанда Қара теңіздің Румыния жағалауына жақын бөлігінде дрон шетелдік «Рояд Мамедов» кемесіне шабуыл жасағанын еске салды.

Шабуыл салдарынан кеме капитаны қаза тапқан. Тағы бір Әзербайжан азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оны құтқарушылар іздестіріп жатыр.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде екі пойызды бірден тасымалдайтын паром салмақ