6 Қараша 2026, 13:57 Фото: gov.kz

Әзербайжан 2027 жылы Каспий теңізі жөніндегі комиссияға төрағалық етеді

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әзербайжан Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиясына төрағалық етеді. Төрағалық ету құқығы Бакуге 2025-2026 жылдары ұйымға жетекшілік ететін Түрікменстаннан өтеді.

Бұл туралы Бакуде өткен I Әзірбайжан өңірлік аквакультура форумында Түрікменстан Каспий теңізі институтының директоры Мурад Атаджанов мәлімдеді, деп хабарлайды Report.

Оның айтуынша, комиссияның оныншы отырысын желтоқсан айында өткізу жоспарлануда.

Әзербайжан 2027-2028 жылдары төрағалық ететін болады.

Комиссияны 1992 жылы Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Түрікменстан құрған. 2002 жылы оған Иран қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Каспий жасыл энергетикалық дәлізін құратыны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан Каспийді сақтау үшін Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін бөлісуге дайын

Тоқаев: Каспийдің тартылуы тек экологиялық емес, экономикалық дағдарысқа айналды

Қазақстан Каспийде ЖИ мен спутниктік технологияны қолдана отырып, мониторигтің бірыңғай цифрлық платформасын құруды ұсынды