Азаматтардың құқығын қорғауда жақсы нәтиже көрсетті. Бас прокурор сервистік модель туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов   «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форум барысында айтты.

Полицияның сервистік модельге көшуі азаматтарға ыңғайлы болады. Полиция қоғаммен бірге қоғамдық қарым-қатынасты реттегені жөн. Сервистік полицияның дамуы-құқық бұзудың  алдын алу. Полицияның азаматтарға қолжетімділігі мәселесі көтерілетін еді. Аудан тұрғындары өздерінің учаскелік полициясын білмейді деген мәселе болған еді. Ал сервистік модель бойынша олар халықпен кездесіп, жұмыс істеп жатыр, – деді ол.

Асылов айтқандай, сервистік полицияның моделі азаматтардың сұранысына сай жұмыс істеуі керек.

Біз сервистік модель туралы айтқан кезде, ең алдымен, азаматтармен байланысты алға шығаруымыз керек. Біз бақылаушы орган ретінде ішкі істер органдарының бірқатар проблемасын шешуге атсалысып жатырмыз. Бүгінде прокуратура органдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қарағанды облысында ведомствоаралық топ та құрылды, – деді ол.

Берік Асылов атап өткендей, осыған дейін қауіпсіздік бойынша стратегия қабылданды.

Қылмыспен күрес жөнінде бағдарлама да қабылданды. Ол барлық аймақта іске асырылуы үшін осындай топ құрылды. Полиция мен қоғам арасындағы серіктестік қатынас орнату маңызды, – деді Бас прокурор.

Ол атағандай, полицияда хаттамалардың 80 пайызы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Бұл әкімшілік процесті оңтайландырып қана қоймай, клиенттерге бағдарлануды дамытты. Азаматтар жеке қызметті өздері алатын деңгейге жетті. 2020 жылы сервистік модельді кезеңдеп  енгізуге көштік. Ол тергеу мен прокуратура арасындағы қызметтің аражігін ажыратты. Азаматтардың құқығын қорғауда жақсы нәтиже көрсетті, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы