Азамат вакцина түрін таңдай ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «қазақстандықтар вакцинаның жаңа түрлерін алғаннан кейін таңдау жасай ала ма» деген сауалға жауап берді.
Бізде ешқандай айырмашылық жоқ, бізге келіп түсетін барлық вакцина, біз оларды эпидемиологиялық жағдайға және осы аймақтағы халыққа байланысты аймақтарға бөлеміз, - деді Цой.
Денсаулық сақтау министрі вакциналар біркелкі бөлінетінін атап өтті.
Қазақстандық вакцина келіп түскен кезде де, біз оны халыққа және қолданыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлер бойынша біркелкі таратамыз. Медициналық ұйымда қандай вакцина қолжетімді болатынына байланысты және егер азамат қандай да бір себептермен екпе салғызғысы келмесе, әрқашан бас тартуға құқылы, - деп түсіндірді министр.
Министр қандай вакцина салынатынында ешқандай айырмашылық жоқ және әр вакцина ұжымдық иммунитеттің пайда болуына ықпал ететінін айтты.
Ол бұған дейін Sinovac, Pfizer, Modernа бойынша мәселе пысықталып жатқанын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жаңадан тағайындалған арнаулы өкілді қабылдады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы