Қазақстан халқының тұрмыс сапасы жақсарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Статистика комитеті зерттеу қорытындысына сүйене отырып хабарлады. 

Сонымен, үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша елдегі халықтың 60% (респонденттердің субъективті бағалауы бойынша) өз тұрмысына жалпы қанағаттанған, бұл ретте қалаларға (54,4%) қарағанда ауылдық жерлерде қанағаттанғандар көбірек (69,3%). Ерлер әйелдерге қарағанда өз тұрмысына көбірек қанағаттанған тиісінше 61,8% және 58,5%. Өткен жылғы зерттеумен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұрмысқа қанағаттанушылығы айтарлықтай жоғарылады (2018 жылы - 56,6%).

Зерттеу қорытындысы бойынша пікіртерім жүргізілген респонденттердің 48,5% өз денсаулықтарымен қанағаттанған, 46,5% ішінара қанағаттанған. Бұл ретте, жасы ұлғайған сайын денсаулығына қанағаттанатындардың үлесі төмендейді және зейнеткер жастағы респонденттердің арасында 15-17 жастағыларға қарағанда орташа алғанда қанағаттануы 2,8 есеге төмен.

 Респонденттердің жартысынан астамы (57,4%) туыстары мен таныстарының моральдік қолдауына сенімді екендігін көрсетті, бұл ретте ерлер мен әйелдер моральдік қолдау көрсетілетініне бірдей пікірде болған (тиісінше 57,6% және 57,3%).

Өздерінің бос уақыттарының көлеміне 44,3% респонденттер қанағаттанған, 50,9% - ішінара қанағаттанған, 3,7% - қанағаттанбады және 1,1% - жауап беруге қиналды.

Пікіртерім жүргізілген респонденттердің негізгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің ұсынылған тізбесінен жедел медициналық көмек көрсету орталықтарының көрсететін қызмет сапасына көбірек қанағаттанған - 46%. Сонымен қатар, өткен жылғы зерттеудің қорытындыларымен салыстырғанда ағымдағы жылы полицияның көрсеткен қызметтерінің сапасына қанағаттанған респонденттердің үлесі 1,8 проценттік тармаққа артып, 38,2% - құрады.

Өздерінің әл-ауқаты соңғы жылы өзгермегенін респонденттердің 59,7% белгіледі, ал 36,4% жақсарғанын көрсетті.

Материалдық қамтамасыз етілу (ауқаттылық) деңгейі бойынша респонденттердің 68,8% өздерін қамтамасыз етілудің орташа деңгейіне жатқызды, қамтамасыз етілудің төменгі деңгейін 0,4% респонденттер көрсетті және респонденттердің тек 0,3% өздерін қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне жатқызды.

Соңғы жылы әл-ауқаттарының өзгермегені туралы 59,9% респонденттер белгілесе, ал жақсарғандығын 35,7% респонденттер белгіледі.

Өздерінің қаржылық жағдайына респонденттердің қанағаттану деңгейі ағымдағы жылы 21,3 проценттік тармаққа артып, 35,9% құрады.

Зерттеу нәтижелері бойынша 18,3% респондентер өзінің тұрғын-үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанса, 46,6% - ішінара қанағаттанды, сонымен қатар сұралғандардың 22,7% үй беруде (тұрғын-үй жағдайын жақсартуда) мемлекеттің көмегіне қанағаттанатынын көрсетті.

Жалдау немесе ипотекалық төлемдерді жасауға қаражаттың тапшылығы немесе мүмкіндіктері болмауы туралы респонденттердің пікіріне келсек, онда 55,6% респонденттер оларда ондай жағдайдын орын алмағанын көрсетсе, 38,2%-ы жалдау төлемдері мен ипотекалық қарыздары жоқтығын белгіледі, ал респонденттердің 4,4%-ы мұндай ауыртпалдықты бір рет болғанын көрсетсе, тек 1,8% ғана жалдау немесе ипотекалық төлемдерді төлеуде екі және одан да көп рет қиыншылықтың орын алғанын белгіледі.

Үй шаруашылығы барлық мүшелерінің қыстық және жаздық аяқ киімнің лайықты екі жұбы барлығы және сатып алуға мүмкіндігі бар деп көрсеткен респонденттердің 73,9% белгілесе, 19,6% ондай ауыртпалдықтың болғанын көрсетті, ал респонденттердің 6,5%-ы олар үшін бұл мәселе маңызды болып табылмайтынын белгіледі.

Достарымен/отбасымен (туыстармен) айына бір рет болса да бірлескен кездесуге мүмкіндігі бар екенін респонденттердің 44,1% белгілесе, ал 43,8%-ы мұндай мүмкіндіктің жоқ екенін көрсетті, ал тек 12,1% олар үшін бұл мәселе маңызды болып табылмайтынын белгіледі.

Өзінің жарқын болашағы туралы 37,4% респондент оң көзқарасын білдірді, болашақта жақсаратынын 36,4% болжайды және респонденттердің тек 0,2% тұрмыстары нашарлай түседі деп ойлайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы