Аз қамтылған отбасылардың балалары компьютермен 100% қамтылады – Қадырова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз конференциясында қалалық білім басқарма басшысы Шолпан Қадырова айтты.
Барлық мектеп Bilimland білім беру платформасын пайдалануға келісімшарт жасады. Сонымен қатар, елорданың 40 мектебінде Daryn online платформасы қолданылады. Ал бағалау жүйесі қолданып жүрген электрондық Kundelik.kz журналы арқылы жүргізіледі. 30 тамыздан бастап барлық оқушы мен мұғалімге осы платформалар қолжетімді болады. Оларға логин, парольдары белгіленіп, таратылды, - деді Шолпан Қадырова.
Басқарма басшысы компьютерлердің қажеттілігіне мониторинг жүргізіп, 34 472 компьютерлік техника сатып алуға келісімшарт жасалғанын айтты.
Бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары 100% қамтылады. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, білім берудегі ерекше қажеттілігі бар балаларға міндетті түрде береміз. 20 тамыздан бастап елордалық мектеп оқушыларына компьютер, ал 25-нен бастап роутерлер таратыла бастады. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам компьютерлік техника, 13 300 роутер таратылды. Бұл жұмыстар жалғасады, - деді ол.
Бұған дейін елордада жаңа оқу жылында 3 мектеп ашылатыны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы