Аймағамбетов директорлар ротациясы қалай жасалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ел мұғалімдері ротацияға қатысты сауал жолдады.

Халықтың айтуынша, ұстаздардың бір аймақтан екінші аймаққа ротациясы жүргізіліп жатыр. Біз ана жақтан мына жаққа ұшатын құс емеспіз ғой. Бұл не деп мұғалімдер министрге сауал жолдады.

Ротация – мұғалімдерге қатысты институт емес. Ол - тек мектептердің басшылығына, яғни директорларға ғана қатысты тетік. Бұл жерде директорларды Түркістаннан Петропавлға жіберу деген мәселе жоқ. Демек, ротация болса, тек қала ішінде жасалады, - деді министр.

Аймағамбетов атағандай, бір өңірден екінші өңірге жіберу мәселесі заңнамада көрсетілмеген.

Ал мұғалімдерге қатысты ротация деген тетік жоқ. Оған қорқыныш болмауы керек.

Еске сала кетейік, Қазақстанда мектептер мен балабақша директорлары жаңа жүйе бойынша тағайындалатынын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі әлеуметтік желісінде министрдің халық алдындағы кездесуі өтті. Министр онлайн өткен шара барасында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы