Әйелін ұрып-соққан дипломатқа қатысты қандай қылмыстық іс қозғалды?

Астанада әйелін 10 жыл бойы ұрып-соғып келген дипломатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда тергеу ҚР ҚК 110-бабы "Қинау" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, осыдан бір апта бұрын Сәкен Мамаштың әйелі өзіне және балаларына қауіп төніп тұрғанын хабарлап, Қазақстан үкіметінен көмек сұраған болатын.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісін жұмыстан босатты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы