Әйелін өлтіруге оқталған ер адам Маңғыстауда ұсталды

9 маусым күні Атырауда азаматтық некедегі әйеліне шабуыл жасап, пышақтаған ер адам Маңғыстауда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция деректеріне сәйкес қылмысқа барған ер адам оқыс оқиғадан кейін қашып кеткен. Ол Ақтау маңында ұсталды.

Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991ж.т., әйел адамды өлтіруге оқталған 1995ж.т., күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - делінген Атырау облысы ПД хабарламасында.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы