Айдос Сарым жаңа партия жайлы: Қарсылас ретінде қарамаймыз
Мәжілісте жаңа партияға қатысты пікір айтылды.
Мәжілістегі Amanat фракциясының жетекшісі Айдос Сарым жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер депутаттан: «Жаңа партияны қарсылас ретінде көресіздер ме?» деп сұрады.
Қарсылас ретінде қарамаймыз, - деп қысқа қайырды Айдос Сарым.
Ал «Өздеріңіз болашақта партияларға қосылуды жоспарлап отырған жоқсыздар ма?» деген сұраққа былай деп жауап берді.
- Жоқ. Керісінше, біз бәрінің бізге қосылғанына дайынбыз.
- Жалпы, сіздің ойыңызша, «Әділет» не үшін құрылды? Бізде ондай дәстүр бар ғой. Оны АҚШ-тағыдай болу үшін құрды ма?
- Оны өздерінен сұраңыздар. Кеше өздеріңіз сонда болдыңыздар ғой.
- Бірақ бізге саяси сарапшы ретіндегі көзқарасыңыз керек.
- Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Құжаттарын оқимыз, олар бағдарламаларын, қандай да бір құжаттарын ұсынуы керек, - деді Айдос Сарым.
Еске салайық, кеше Астанада жаңадан құрылған саяси «Әділет» партиясының құрылтай съезі өтті.