Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 92 келіде Азия чемпионы Айбек Оралбай 1/4 финалда Жамар Таллейді (АҚШ) барлық раундта сенімді түрде ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, отандық спортшымыз осылайша, Олимпиадада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасында бұл салмақта Василий Левит бақ сынаған еді.

Сондай-ақ бұған дейін бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалына кімдер шығатынын айтқан болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы