Айбек Нұғымаров Әлемдік гран-придің иегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досыханұлы атындағы қазақ күресінен өтіп жатқан  әлемдік додада Шығыс Қазақстан палуан Айбек Нұғымаров топ жарды.

"Әлемнің  28 елінен келген апайтөс палуандар арасында ақтық сында Айбекпен өзбекстандық  Мұқсин Хисамединов айқасқан болатын. Өткенде ғана "Қазақстан барысын"  екінші мәрте ұтқан Айбек бұл жолы да қарсыластарын қоғадай жапырды" - деп жазды Алтайньюс  тілшісі.

Турнирдің 70, 80 келі салмақтарында Тәжікстан, Грузин елдерінің туын желбіреткен жігіттер мен көк туды көкке көтерген жерлесіміз екі миллион теңге жүлдеге ие болды.

Естеріңізде болса, Айбек жақында ғана Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан барысында жеңімпаз атанған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы