Автобус апаты: Екі аяғынан айырылған бүлдіршін протезбен жүруді үйренуде
Астанада жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекен протезбен жүруді үйреніп, жаттығып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Желіде тараған видеода кішкентай бүлдіршіннің асқан қиындықпен болса да, табандылықпен жаттығып жатқаны көрінеді.
Тестовый. Осымен жүріп үйренуіміз керек, жаттығу жасап. Содан кейін толық протез салынады. Қолдап жатқан барлық адамдарға көп рахмет, - деп жазды help.aluabeken инстаграм парақшасында.
Еске салайық, Астанада жол апаты болып, 15 жолаушы, соның ішінде 6 бала зардап шекті. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр екендігі айтылды.
2017 жылы туған қыз балаға алған жарақаттары салдарынан екі аяғына ампутация жасалды.
Ал Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына пәтер берілетінін жеткізді.
Жол апатынан кейін автобус жүргізушісі қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Екі аяғынан айырылған бүлдіршінге жәрдемақы тағайындалады.