Австралия Путин мен Ресейдің бірқатар шендісіне қарсы санкция салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия үкіметі Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше мүшесіне қарсы санкция салды.
Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Австралия Ресей президенті мен Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар тұрақты мүшелеріне: сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, қорғаныс министрі Сергей Шойгуға, премьер-министр Михаил Мишустинге және ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке қаржылық санкциялар салынады және елге келуіне тыйым салады, - деді Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон өз мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуроодақ Ресей президентіне, сондай-ақ сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкция салған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы