Ауыл тұрғындары жағажайды қоқыстан тазартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  С. Шапағатов ауылының тұрғындары сенбілікке шығып, жағажайдағы қоқыстың барлығын жинап, тазартып қойған екен. 

Ақтаудағы С. Шапағатов ауылының тұрғындары сенбілікке шығып, жағажайдағы қоқыстың барлығын жинап, тазартып қойған екен.


Өздерінің шағын сенбілекте түскен суреттерін Азаматқа жіберген екен. 


Кеше мен түсірген видеоны ауыл тұрғындары бір-біріне жіберіп, жағажайды қоқыстан тазартуға келісіпті. Ауыл тұрғындары үш Газельмен шығып, түгел қоқысты жинаған. Қоқыстың көптігі соншалық, сол үш газельге толып кеткен. Қоқыс мәселесін көтергеннен кейін, бұл мәселеге тек еріктілер ғана емес, қарапайым тұрғындар да атсалысып жатқандығы қуантады. Барлығыңызға рахмет. Осылайша біз қоршаған ортаны тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де бағалай бастаймыз деп үміттенемін, - деп жазды Азамат.


Естеріңізге сала кетейік, танымал блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтауда демалушылардан кейін жағажайдың қандай жағдайға түскенін көрсеткен еді. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы