Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Дияс кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.
Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда отандасы, дүниежүзілік рейтингте 108-орында тұрған Зарина Дияспен кездеседі. Әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 110-сатыдағы франциялық Хармони Танды сынап көреді.
Өткен жылы Ю.Путинцева төртінші, З.Дияс үшінші, Е.Рыбакина екінші айналымға дейін жеткен еді. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін анықталады.
Тағы үш қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалынан өтсе, А.Бубликтің қатарына қосылып қалуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас санитардың жаңа қаулысы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы