Ауғанстандағы жер сілкінісі: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінде құрбан болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Біздегі бар ақпаратқа сәйкес, әзірге (жер сілкінісінен – ред.) зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ. Әрине, бұл мәселе біздің Кабулдағы елшіліктің бақылауында. Әр күн сайын, әрқашан мониторинг жүргізіліп жатыр, - деп жауап берді вице-министр Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Еске салайық, Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзаладан көз жұмғандар саны 1400-ден асты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы