Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары бар ма? – СІМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді. Оның айтуынша, Ауғанстан аумағында қазір дипломаттарымыз ғана қалған.

Соңғы күндері кейбір мемлекеттер Ауғанстаннан дипломаттарын елге қайтарған болатын. Ал біздің дипломаттар жағдай шиеленісіп тұрған ел аумағынан шығарыла ма? Бұл сауалды СІМ ресми өкіліне қойған едік.

Қазір Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Біз білетін қазақстандықтардың барлығы осы елдің аумағынан кетіп қалған. Дипломаттар өз қызметін жалғастыруда, біз оларды эвакуациялауды жоспарламаймыз, - деп жауап берді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Сонымен қатар бүгін елімізде Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді.

.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы