Аудан және қала әкімдерін сайлауға қанша қаржы жұмсалады

Қарашада өтетін аудан және қала әкімдерін сайлауға қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

Сайлау туралы заңға сәйкес осы жолы өтетін сайлауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ол жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі күні аймақтық мәслихаттардың шешімі бойынша оған 2,2 млрд теңге  кетеді, - деп айтты ОСК мүшесі.

Бұған дейін аудан мен қала әкімдерін сайлау күні белгілі болғанын және кім аудан және қала әкімі бола алатыны туралы  жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы