Атырауда жылыту қазандығы жарылып, бір адам ауруханаға түсті
Атырау қаласының Авангард-2 ықшамауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылды. Төтенше жағдай кезінде бір адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
BAQ.KZ сауалына жауап жолдаған ТЖМ баспасөз қызметі қазандықта газ-ауа қоспасы жарылғанын растады.
Бүгін таңертең Атырау қаласының Авангард-2 ықшам ауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлай салынған жылыту қазандығында өрт шықпастан газ-ауа қоспасы атылды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел жетті. Жарылыс салдарынан котельныйдан 12 метр жерде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің терезелері мен жақын маңда тұрған екі жеңіл автокөлік зақымданды. Оқиғадан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, - деп жазылған ТЖД жауабында.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, Полиция департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала зардап шекті.
Тағы оқи отырыңыз:
Семейде автожуу аумағында газгольдер жарылып, жүк көлігі мен екі үй өртенді
Посмотреть эту публикацию в Instagram