22 Шілде 2020 2020, 16:23
Атырауда жаңа полигон салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда полигон салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда полигон салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Онлайн брифинг барысында халықтан сұрақтар келді. Солардың бірі әлеуметтік желілерде айтылған Атырау қаласында жағымсыз иістің пайда болуына қатысты болды. Осы мәселе қалай шешілетініне министр жауап берді.
Мұндай жағдай шілденің басында басталды. Біз қоршаған ортаның сапасы бойынша күн сайын бақылау жүргіземіз. Бұл алдымен қаланың солтүстігінде орналасқан ҚТҚ полигонына мен сасық сайға байланысты болып отыр. Әкімдік жаңа полигон салуға 50 гектар жер бөлді. Жобалық-сметалық құжат әзірленді. Енді әкімдік қазіргі заманғы санитариялық талаптарға сай полигонды салуға кіріседі деп ойлаймыз, - деді ол.
Министр барлық кәріз ағыны сасық сайға құйылатынын айтты.
Осы орайда әкімдікпен бірлесіп, қаланың сол жағалауынан жаңа кәріз тазалау қондырғыларын жасақтауға жер учаскесі бөлінді. Атыраудағы проблема осылай шешілмек. Сондай-ақ, біз әкімдік пен Атырау мұнай-газ зауыты сасық сайларды жою бойынша жұмысты жүргізеді деп үміттенеміз, - деді министр.Бұған дейін Экология министрі Көбейтұз көлінің жалға берілуіне қатысты пікір білдірген еді.
- Тоқаев креативті индустрияға қатысты түзетулерді бекітті 19:44
- Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 90 журналист арнайы жобаға қатысты 19:21
- Отардағы сарбаз ісі: Сержант үндеу жариялады 19:01
- Бал экспорты рекорд жаңартты: 1 477 тонна шетелге жөнелтілді 18:46
- "Бейбітшілік кеңесі": Газаға дипломатиялық жол ашыла ма? 18:22
- Түркістан облысының тұрғындары жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады 18:00
- Ішкі сауда дамиды: Қазақстан кәсіпорындарына 4,3 млрд теңге қолдау көрсетілді 17:49