27 Қазан 2026, 20:07 Фото: видеодан скриншот

Атырауда сауда үйінің дәретханасында сығалап, қыздарды жасырын бақылаған ер адам ұсталды

Атырауда сауда үйінде тәртіп бұзған 21 жастағы азамат жауапқа тартылды.

Атырауда сауда үйінде қоғамдық тәртіпті бұзған 21 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 қазан күні Атырау қаласындағы сауда үйлерінің бірінде 21 жастағы Жанболатұлы Мейрамбек қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Қоғамдық орында болған ер адам айналасындағыларға құрметсіздік танытып, құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген.

Түскен арыз бойынша полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтап, оны полиция басқармасына жеткізді.

Жанболатұлы Мейрамбекке қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралғанға дейін ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы бөлмеге қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөөз қызметі. 

Полиция ескертеді: бұзақылық әрекеттерге, айналадағыларға құрметсіздік танытуға және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада шетелдік әйелдің лифт ішінде дәрет сындырғаны анықталды.