Бүгiн 2026, 12:21 Фото: видеодан скриншот

Атырауда Орал өзенінде моторлы қайықтар соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Екі моторлы қайықтың соқтығысуы салдарынан бірнеше адам суға құлаған.

Оқиға 22 маусымда Орал өзенінде болды. 

Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Бейнежазбадан қайықтардың бірі екіншісін ішінара соққанын көруге болады.

Төтенше жағдай кезінде ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы жарақат алған. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.

22 маусым күні сағат 23:35 шамасында Жайық өзенінде MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысқан. ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті.