Атырауда көпірден секірмек болған адам құтқарылды

Атырау қаласында Алиев көпірінен секірмекші болған адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жедел басқару орталығының қызметкерлері полиция аға сержанты Салтанат Урынбаева мен полиция майоры Айгүл Адракова бейнебақылау камерасы арқылы Атырау қаласындағы Алиев көпірінде белгісіз адамның секірмекші болғанын анықтайды. Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан көпір үстінде 45 жастағы ер адамның секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оны құтқарып қалған, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Көпірден секіруге әрекет жасаған азамат қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Еске салайық, бұған дейін Астанада бір түнде екі адам терезеден секіріп қаза тапқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы