Атырауда 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды. Бұл туралы Атырау облысының коменданты – полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев айтты.
Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды. Бір адам көз жұмды. Облыстық әкімдік ғимараты мен полицияның 7 көлігі бүлінді. Заңсыз митингке қатысқан 275 адам полицияға жеткізілді. Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 186 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр, – деді Қамза Үмбетқалиев.
Оның айтуынша, бүгін тұрғындар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау үшін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің 62 мұғалімі полицейлермен бірге жаяу патрульдеуге шықты.
Сондай-ақ 100-ге жуық полиция ардагерлері мен еріктілер, қоғам белсенділері қоғамдық тыныштықты сақтауға көмектесуге ниет білдірген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-дағы бақылау бекеттерінде 7 аңшы қаруы тәркіленді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы