19 Қараша 2026, 18:48 Фото: видеодан скриншот

Атырау облысында балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғуынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысының Индер ауданындағы балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғуынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының Индер ауданында полиция «Балдәурен» балабақшасында болған оқиғаны тергеп жатыр. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Солнышко» тобының тәрбиешісі балаға күш қолданғаны туралы ақпарат тараған болатын.

BAQ.KZ сауалынан кейін Полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полициядан.

Түпкілікті қорытынды тергеу нәтижелері бойынша жасалады.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда екі жасар баланы ұрған тәрбиеші тергеуге алынды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Таразда тәрбиеші аутизмі бар баланы қол-аяғын байлап ұйықтатпақ болған

Балабақшадан «кезексіз орын» уәде еткен астаналық әйел 4 жылға сотталды

Орындыққа байлап қойып, тәпішкемен ұрған: Астанада балабақшада балаларды ұруға қатысты қылмыстық іс қозғалды