Сәби өлімі: Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті. Бұл туралы atpress.kz жазды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұған қатысты түсініктеме берді.

"Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударады, жыл сайын дәрігерлердің қажеттіліктеріне қажетті қаражат бөлінеді, қаржыландыру өсуде, перзентханалардың, ауруханалардың және медициналық мекемелердің барлық қажеттіліктері шешілуде. Денсаулық сақтау басқармасы барлық стандарттарды талаптарға сәйкес келтіру үшін жұмыс жасауда. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", - делінген түсініктемеде.
Естеріңізге сала кетейік, Атыраудағы дәрігер жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Сонымен қатар, Атырау облысының бас дәрігері нәресте өліміне қатысты пікір білдірген еді. Егер ақ халаттылардың кінәлары дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылулары мүмкін.

Сонымен қатар, Біртанов баланың өлімі туралы жазбаны өзгертуге болатынын айтқан еді. 

Сондай-ақ, бұған дейін Атырау перинаталдық орталығының 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы өтініш жазғаны хабарланған болатын.

Ал Атыраулық дәрігерлер әріптестеріміздің кінәсі нақты дәлелденбей, жала жабылып жатыр деп ашынады. Тіпті, осы шу басталғалы орталыққа келген халық түрлі мінез-құлық танытып, перзентханадағы барлық қызметкерді қылмыскер көреді екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы