Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма? - министр жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмекке қатысты пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер министрге "Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылуы мүмкін бе?" деп сұрады.

Дүйсенованың айтуынша, бұл көмек түрін тоқтатуға болмайды.

Жоқ, оны тоқтатуға болмайды. Себебі бізде сондай отбасылар бар. Жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар. Ал енді атаулы әлеуметтік көмекті берудің механизмін әрі қарай жетілдіру бойынша, әрине, депутаттармен бірге жұмыс істейміз, - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Еске салсақ, Депутаттар Үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсыныс жасаған болатын. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов әзірге ондай шешім қабылданбағанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы