"Атамекеннің" экс-басшысы екі айға қамалды

Астана қалалық соты "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 12 мамырдан басталатынын айта кету керек.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.И. Мырзахметовке қатысты 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген қалалық сот таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 10 мамырда "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар пара алғаны үшін ұсталғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы