Президенттік резервке іріктеу ашық жүріп жатыр - Ерлан Қуанышұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Президенттік кадрлық резервке" іріктеу ашық және әділ өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл айтты.

"Президенттік кадрлық резервке іріктеу ашық және әділ өтіп жатыр. Біріншіден әр кандидатқа код беріледі. Бұл дегеніміз сайтта қорытынды шықпайынша бағалаушы және үміткерлер бір-бірін білмейді. Тестілеу арнайы платформада өтеді. Тесттің қорытындысына ешкім әсер ете алмайды. Тест пен рейтінгіні қорытындылап болғаннан соң ақпарат сайтқа жіберіледі. Бұл жерде үміткердің аты-жөні көрсеткен нәтижесі жарияланады. Әр кезеңнен өткен кандидаттардың аты-жөні мен алған балдарының қорытындысы сайтта жарияланып отырады. Барлығы 7 кезең оның 4 кезеңі онлайн түрінде өтеді. Тек үш кезең ғана кандидаттың қатысуымен өтеді", - деді ол. 
Әрбір кандидат өзінің нәтижесін көріп отыру үшін жеке кабинетінен өзінің рейтингін қадағалап отыру үшін мүмкіндік жасалған. Кандидаттар Нұр-Сұлтан қаласына келіп, шығынбанбай өздеріне ыңғайлы жағдайда конкурста белгіленген тапсырмаларды орындай алады.

Қазіргі кезде бастапқы үш кезеңі аяқталды – қатысушылардың құжаттары қабылданып, үміткерлер тестілеуден өтті, тестілеу тексерілген. 

"Қабілеттерін тестілеу" кезеңі 12 қазанда аяқталды. Тест үміткерлердің күрделі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін анықтауға бағытталған және екі блоктан құралды – вербалды және сандық. Бұл олардың сараптамалық және сындарлы ойлау жүйесінің деңгейін, логикасын анықтауға мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, "Президеттік кадр резервіне" 46 шетелде жүрген қазақстандық қатысып жатқандығын айтқан едік.  



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы