Ата-аналар назарына: 17 жасқа дейінгі қыздарға АПВ екпесі тегін салынады
Қазақстанда 265 мыңнан астам қыз бала папилломасы вирусына қарсы вакцина алды.
Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Бұл туралы Алматы онкология орталығының онкогинекологы Асқар Есқожаұлы Айдаров мәлімдеді.
Маманның айтуынша вакцинациялау 11 жастағы қыз балаларға жүргізіледі, ал екпе уақытында салынбаған жағдайда оны 17 жасқа дейін қоса алғанда алуға болады. Вакцина жатыр мойны обырының және бірқатар басқа да онкологиялық аурулардың негізгі себебі болып табылатын АПВ-ның ең қауіпті түрлерінен қорғайды.
Уақтылы жүргізілген вакцинациялау вируске тап болғанға дейін иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді және аурудың даму қаупін едәуір төмендетеді. АПВ-ға қарсы тегін вакцинациялау – бүгінгі таңда қыз балалардың денсаулығын сақтап, болашақта жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған маңызды мемлекеттік кепілдік, – деді маман.
Бүгінгі таңда 11–13 жас аралығындағы 265,2 мыңнан астам қыз бала вакцинаның бірінші дозасын алды, ал 175,1 мыңы екінші дозаны қабылдап, вакцинациялау курсын толық аяқтады.
2026 жылдың басынан бері: бірінші дозамен 51,4 мың қыз бала егілді; екінші дозамен 49,6 мың қыз бала егілді.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша 2026 жылғы 13 мамырдан бастап 14–17 жас аралығындағы қыз балаларды ерікті түрде вакцинациялау жүргізілуде. Осы кезеңде вакцинаның бірінші дозасын 32,2 мыңға жуық жасөспірім алды.
Вакцина алғандардың арасында вакцинадан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелмегенін айта кеткен жөн.
Еске салайық, бұған дейін ДСМ «аутизмді емдейміз» деген желідегі жарнамаға қатысты пікір білдірді.
- Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс туралы келісімге қол қойды 05:47
- Орталық Азия елдері Сырдария бассейніндегі су есебін автоматтандыруға келісті 04:35
- Қара теңіздегі кеме қатынасына қауіп: Түркия сауда кемелерінің қозғалысына шектеу қойды 03:21
- Қазақстан Firebird AI компаниясының негізгі нарығына айналды: Екібастұзда 125 МВт-тық AI-инфрақұрылым салынып жатыр 01:49
- Мемлекеттік органдар атынан жалған ақпарат тарауда: қазақстандықтарға ескерту жасалды 00:54
- Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» чемпионы атанды 08.08.2026
- Қазақстандық оқушы жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадада екінші орын алды 08.08.2026