Бүгiн 2026, 12:49 Фото: gov.kz

Астанадан қонаққа келген бала Қарағандыда терезеден құлап, ауруханаға түсті

Баланың жағдайы ауыр. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Қарағандыда төрт жастағы бала пәтер терезесінен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 сәуір күні Қарағанды қаласының Гүлдер-1 шағын ауданында қайғылы жағдай болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2022 жылы туған бала құлап кеткен.

Бала ата-анасымен бірге елорда – Астана қаласынан қонаққа келген. Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, қараусыз қалған бала терезеден құлап кеткен. Бала ауыр жағдайда, көптеген жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда 3 жасар бала терезеден құлағаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Қарағанды облысында футбол ойнап жүрген бала саусағынан айырыла жаздады

Абай облысында айдалада жалғыз жүрген балақай 3 шақырым жерден табылды

Таразда ер адам 5-ші қабаттағы балконнан құлап, қаза тапты