Астанадағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты: 32 адам құтқарылды
Автотұрақтағы өрт салдарынан тұрғын үй кешенін түтін басты. Құтқарушылар арасында 13 бала бар ондаған адамды қауіпсіз жерге шығарды.
Астана қаласы Есіл ауданы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында электр сымдары мен автокөлік шиналары өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимараттан 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында адамдар қауіпті аймақтан шығарылды. Өрт толығымен сөндірілді.
Жылудың әсерінен төрт автокөлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, Алматыда таудан өздігінен түсе алмай қалған үш қыз құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Сондай-ақ Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды. Оқиға шаруа қожалығының аумағында комбайнды жөндеу кезінде болған.