12 Қазан 2026, 15:55
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанадағы екі қабатты ангардағы өрт сөндірілді: Не жанғаны белгілі болды
Астанада Ақжол даңғылы бойындағы екі қабатты ангарды жалын шарпыды. ТЖМ құтқарушылары өртті толық сөндірді. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды.
Астананың Алматы ауданындағы Ақжол даңғылы бойында орналасқан екі қабатты ангар үлгісіндегі ғимаратта өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өртті толық сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 14:00 шамасында толық сөндірілді.
Нақтылауға сәйкес, ангар үлгісіндегі ғимараттың екінші қабатында еден жабыны жанған. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ТЖМ.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада екі қабатты ангар өртеніп жатқаны хабарланған еді. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнында жұмыс істеді.
Белгілі болғандай, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және қою түтін байқалған.